Семинар

Ғ. Орманов атындағы кітапханада «Инклюзивті білім беруге арналған онлайн мультимедиялық платформамен және қазақ-ағылшын және орыс-ағылшын тілдеріндегі билингвалды оқу басылымдарының платформасымен таныстыру» семинары өтті.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды платформаның функционалдық мүмкіндіктерімен, қолжетімді цифрлық ресурстарымен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған заманауи оқыту технологияларымен таныстыру.

Іс-шараға «Эверо» баспа менеджерлері, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында платформа материалдарын оқу үдерісінде және кітапханалық қызмет көрсетуде тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. Іс-шара инклюзивті білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ білім алушыларға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ