Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы

2026 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында «Қазақстандағы жасанды интеллект дәуіріндегі ғылымды дамыту» тақырыбында Elsevier Қазақстан халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

Конференцияға Жетісу университетінің Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің қызметкерлері Самал Бейсенова Талшын Жаирбекова қатысты.

Іс-шара барысында ғылымды басқару мен қаржыландыру, ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, ғылымды цифрландыру және жасанды интеллектіні ғылыми қызметте қолдану мәселелері талқыланды.

Конференция ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға және заманауи бағыттармен танысуға мүмкіндік берді.

#SDG #ЦУР #ТДМ