














Физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектіні сабақта қолдану: идеядан тәжірибеге» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәжірибесімен алмасу, педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту және мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Дөңгелек үстелдің ашылуында университеттің цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, PhD докторы Т. Жұмағұлов кіріспе сөз сөйлеп, білім берудегі цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні тиімді қолданудың маңыздылығына тоқталды. Физика-математика факультетінің деканы І.Есенғабылов педагогикалық тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықтың өзектілігін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің өзекті мәселелері қарастырылып, педагогтердің практикалық тәжірибелері ұсынылды.
Қатысушылар «Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма, әлде оның мүмкіндігін кеңейтетін педагогикалық серіктес пе?» деген сұрақ аясында пікір алмасып, академиялық адалдық, ақпараттың сенімділігі және ЖИ-ді жауапты қолдану мәселелерін талқылады.
Іс-шара соңында Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының меңгерушісі Ж. Жиембаев қорытынды сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге белсенді қатысып, тәжірибелерін ортаға салған баяндамашылар Алғыс хатпен марапатталды.
#ТДМ #SDG #ЦУР

