2026 жылғы 8 қазанда филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер Р.О. Асылова Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы мектепте өткен «Өмірдің бір қызығы – бала деген» атты аудандық ата-аналар жиналысына қатысып, кәсіби бағдар беру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ата-аналарға мамандық таңдаудың маңыздылығы, білім алудың мүмкіндіктері және болашақ кәсіби бағытты айқындауда балаға қолдау көрсетудің рөлі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жоғары білім алу мүмкіндіктері мен Жетісу университетінде білім алудың артықшылықтары таныстырылды.

