«Тарих» білім беру бағдарламасының ТҚқ 311 топ «Тарих» ББ 1 және 2 курс білімгерлері археологиялық практика бойынша ақпарат берді.

2026 жылдың 9 қазанында «Тарих» білім беру бағдарламасының ТҚқ 311 топ «Тарих» ББ 1 және 2 курс білімгерлеріне теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында Қапал маңында табылған қалашықта өтілген археологиялық практика бойынша ақпарат берді. Практика барысында білімгерлер археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі кезеңдерімен, далалық қазба әдістерімен, ескерткіштерді тіркеу және құжаттау тәртібімен танысқанын атап өтті.

Практика нәтижесінде білімгерлердің археологиялық зерттеу әдістері туралы кәсіби түсінігі қалыптасып, теориялық білімін нақты тәжірибеде қолдану қабілеті жетілді. Білім алушылар топпен жұмыс істеу, ғылыми бақылау жүргізу, деректерді жүйелеу және зерттеу нәтижелерін қорытындылау дағдыларын дамытты. Археологиялық практика болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын тереңірек танып-білуіне мүмкіндік берді.