Жетісу университеті мен Орталық Азия университеті арасындағы ынтымақтастық нығаюда

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Орталық Азия университетінің делегациясы  ресми сапармен келді. Делегация өкілдерімен   кездесу және  ғылыми воркшоп өтті.

Орталық Азия университетімен Жетісу университеті 2025 жылы  меморандумға қол қойып, бірлескен зерттеулер жүргізуге, халықаралық гранттық жобаларға қатысуға және ғылыми инфрақұрылымды өзара пайдалануға келіскен еді.  Кездесуде   университет ректорлары Ермек Бөрібаев пен Кристофер Герри осы әріптестік аясында атқарылатын іс-шараларды пысықтады.

Ғылыми воркшоп барысында халықаралық гранттар тарту, шетелдік ғылыми ұйымдармен байланыс орнату және бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу мәселелері қарастырылды. Ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде экология, биология, агрономия, экотуризм, білім беру, цифрландыру және жасанды интеллект салалары айқындалды.

Сапар аясында делегация мүшелері Марке кампусын, Ғылыми-зерттеу институтының зертханаларын, Speed Breeding жылыжайын аралап, университеттің ғылыми әлеуетімен танысты.

Кездесу екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті нығайтып, халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.

#SDG #ЦУР #ТДМ