Құтқарушылар күніне арналған іс-шара

19 қазан – Құтқарушылар күні мерекесіне орай Заң мен тәртіп аясында Жаратылыстану-техникалық факультеті мен Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп іс-шара ұйымдастырды.

Департамент қызметкерлері студенттер мен оқытушыларға сейсможаттығу өткізіп, жер сілкінісі кезіндегі эвакуация және дұрыс әрекет ету тәртібін көрсетті.

Студенттерге өрт сөндірушілер ғимараттың 3 қабатынан зардап шеккен адамды құтқару арқаны арқылы жерге түсіруді, өртті арнайы «Варио» құралымен, АЦ-5-40 техникасынан оқпан арқылы сөндіруді тәжірибе жүзінде үйретті. Шара барысында Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының студенттері құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесін тамашалады.

Онда олар СПЧ-20, Камаз АЦ-5-40,ПЧ-2, АСА, ОСО, Квадрацикл, Тойота Hilux, Трэкол тағы басқа өрт сөндіру техникаларымен танысты.
Іс-шарада жастар өрт сөндірудің бірнеше әдістерін меңгеріп, игеріп жатқан мамандықтарының қыр-сырына қанықты.

#SDG #ЦУР #ТДМ