Ғылыми семинар

       2026 жылғы 15 қазанда қазақ тілін оқытуда салалық терминологиялық сөздіктерді қолдану тәжірибесіне арналған ғылыми семинар өтті.            Семинарды Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шыныбекова Айжан Сахановна жүргізді.  Мақсаты – салалық терминологиялық сөздіктердің білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерін саралау, оларды оқыту тәжірибесінде тиімді қолдану жолдарын айқындау және білім алушылардың кәсіби тілдік құзыреттілігін дамыту.

      Іс-шара барысында терминологиялық сөздіктерді оқу үдерісіне енгізу, кәсіби лексиканы меңгерту, терминдердің мағынасын контекст арқылы түсіндіру және оларды дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар терминологиялық ресурстарды оқу-әдістемелік жұмыстармен ұштастырудың маңызына назар аударылды.

      Ғылыми семинар мазмұнды пікір алмасумен ерекшеленіп, салалық терминологияны оқытудағы әдістемелік тәсілдерді зерделеуге мүмкіндік берді. Талқылау нәтижесінде терминологиялық сөздіктерді жүйелі пайдалану білім алушылардың сөздік қорын байытып, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге және қазақ тілінің ғылыми-кәсіби қолданыс аясын кеңейтуге ықпал ететін маңызды құрал екені атап өтілді.

      Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, әдістемелік ізденістерді дамытуға және қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды ғылыми алаң болды.