


2026 жылғы 13–22 қыркүйек аралығында ИРН BR27195163 «Қазақстан мемлекеттік қызметінің ұйымдық мәдениетін трансформациялау архитектурасы» ғылыми бағдарламасының зерттеу тобы Ұлыбританияның Лондон және Эдинбург қалаларында іссапарда болды.
Іссапардың мақсаты – Ұлыбританияның мемлекеттік қызметті реформалау, жария басқаруды жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің ұйымдық-әдеп мәдениетін дамыту тәжірибесін зерделеу.
Лондон қаласында зерттеушілер Institute for Government ұйымдастырған сараптамалық іс-шараларға қатысып, мемлекеттік басқару, институционалдық реформалар және көшбасшылық мәселелерін қарастырды.
Эдинбургте Edinburgh Business School, Heriot-Watt University базасында 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті. Бағдарлама ұйымдық мәдениетті диагностикалау, реформалау алгоритмін әзірлеу, цифрлық басқару және жасанды интеллектіні жауапты пайдалану бағыттарын қамтыды.
Сонымен қатар ғылыми бағдарлама аясында дайындалған ұжымдық монографияның таныстырылымы өтті.
Іссапар нәтижелері оқу-әдістемелік материалдар, мемлекеттік органдарға арналған практикалық ұсынымдар мен ғылыми жарияланымдар әзірлеуде пайдаланылады.
