АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – КӘСІБИ ДАМУ МҮМКІНДІГІ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің 3-курс студенті Мейірхан Хафиза қазіргі уақытта Түркия Республикасындағы Нийде Өмер Халисдемир университетінде (Niğde Ömer Halisdemir University) «6В02101 – Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында білім алуда.

Академиялық ұтқырлық кезеңінде студент дизайн саласындағы кәсіби пәндерді меңгеріп, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, заманауи оқыту әдістерімен және дизайн мамандарын даярлаудың тәжірибелік тәсілдерімен танысуда.

Оқу барысында Мейірхан Хафиза баспа техникасымен (Baskı tekniği) жұмыс істеу, логотиптер әзірлеу және олардың көркемдік ерекшеліктерін зерттеу бағытында тәжірибе жинақтауда. Сонымен қатар, күмбез астындағы кеңістікте орналасқан модельдерді бейнелеу арқылы сурет салу дағдыларын жетілдіріп, композицияны дұрыс құру және нысандардың өзіндік ерекшеліктерін шынайы жеткізу тәсілдерін меңгеруде.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – студенттің кәсіби білімі мен шығармашылық қабілетін жетілдіруге, халықаралық тәжірибе жинақтауына және тұлғалық дамуына мүмкіндік беретін маңызды қадам. Бұл бағдарлама болашақ дизайн маманының кәсіби даярлық сапасын арттыруға бағытталған.