2026 жылғы 7–8 қазанда Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық кросстан барлық жас санаттары бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған республикалық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.
Жарысқа «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы да қатысып, спортшыларға қолдау білдірді.
Студенттерді жарысқа қатыстырудың негізгі мақсаты – олардың спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерімен танысуына, жарыс барысын тәжірибе жүзінде бақылауына, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметіне қажетті ұйымдастырушылық дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беру.
Мұндай тәжірибелік іс-шаралар білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.



