АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ

2026 жылғы 19–21 қазан аралығында Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Э. Д. Баженова кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп, «6В01409 – Дене шынықтыру және спорт» (IP) білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Кездесу барысында студенттерге сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері және басқа білім беру ұйымдарында білім алу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, Түркия Республикасының Нийде қаласында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алу, сондай-ақ Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясының базасында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, академиялық ұтқырлық бағдарламаларының кәсіби білімді тереңдетуге, жаңа тәжірибе жинақтауға және білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететіні атап өтілді.