Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ ЖАС ҒАЛЫМДАР!

2026 жылғы 30 қазанда сағат 11:30-да «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінім беру мәселелері бойынша семинар өтеді.

🔎 Семинар барысында:

  • конкурстық өтінімдерді беру тәртібі;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;
  • коммерцияландыру жобаларына өтінім дайындау талаптары;
  • өтінім беру барысында туындайтын негізгі сұрақтар мен жиі кездесетін қателер қарастырылады.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, конкурсқа өтінім дайындау бойынша қажетті кеңес ала алады.

🎓 Ғылыми жобаларын конкурсқа ұсынуды жоспарлап жүрген барлық жас ғалымдарды семинарға белсенді қатысуға шақырамыз!

📅 Күні: 30 қазан 2026 жыл
🕦 Уақыты: 11:30
📍 Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, № 313 мәжіліс залы

Ғылыми идеяңызды сапалы жобаға айналдыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ