«Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі» тақырыбында жоспарлы ашық сабақ өткізілді

2026 жылғы 28 қазанда Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Қуанғанұлы Өнербек кафедра оқытушыларының тәжірибе алмасу және өзара сабаққа қатысу кестесіне сәйкес «Қазақстан тарихы» пәнінен «Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресі» тақырыбында жоспарлы ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ барысында қазақ халқының отаршылдық саясатқа қарсы жүргізген ұлт-азаттық қозғалыстарының себептері, негізгі кезеңдері, қозғаушы күштері, тарихи маңызы мен нәтижелері жан-жақты қарастырылды. Білімгерлер тарихи деректермен жұмыс істеп, көтерілістердің ерекшеліктерін салыстырып, олардың ел тарихындағы орнына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Сабақта «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері, топтық және жеке тапсырмалар, сұрақ-жауап, пікірталас пен салыстырмалы талдау қолданылды. Білімгерлер жоғары белсенділік танытып, тарихи оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтады, деректерді сыни тұрғыдан бағалап, нақты дәлелдер негізінде қорытынды жасады. Интерактивті тапсырмалар олардың өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне және жаңа ақпаратты терең меңгеруіне мүмкіндік берді.

Ашық сабақ мазмұнды әрі жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды. Сабақ соңында білімгерлердің алған білімдері қорытындыланып, кері байланыс жүргізілді. Кафедра оқытушылары сабақтың құрылымы мен мазмұнына оң бағасын беріп, қолданылған заманауи педагогикалық әдістердің тиімділігін атап өтті.

Аталған ашық сабақ оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға, білім беру үдерісінде озық әдістемелерді кеңінен қолдануға, сондай-ақ білімгерлердің тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.