https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/10/айжан-с-видеоо.mp4
2026 жылдың 28 қазанында 125-ші аудиторияда ҚТӘ 412 тобымен Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айжан Саханқызы Шыныбекова «Педагогтің оқу-әдістемелік құжаттары» пәні бойынша «Заманауи сабақты жоспарлаудағы интербелсенді әдістер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында тақырыпты жүйелі әрі түсінікті баяндап, оқу мақсатына сәйкес жұмыс түрлерін ұтымды ұйымдастырды. Білім алушылардың сабаққа белсенді қатысуына, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасуына мүмкіндік жасалды. Айжан Саханқызының кәсіби шеберлігі, әдістемелік дайындығы, аудиториямен тиімді байланыс орната білуі және заманауи оқыту тәсілдерін орынды қолдануы сабақтың мазмұнды өтуіне ықпал етті.
Сабаққа қатысқан комиссия мүшелері ашық сабаққа оң пікір білдіріп, оқытушының сабақ өткізу шеберлігін, материалды меңгерту тәсілдерін және білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына жағдай жасай білуін жоғары бағалады.

