Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық факультет ұжымының қатысуымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Кездесуге «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Амангелді Есбай, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Жайық Тазабеков, сондай-ақ Гуманитарлық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Жиынды әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізді.

Өз сөзінде Болат Сериев Мемлекет басшысының жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні терең меңгерудің ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті, заманауи білім мен дағдыларды меңгерген мамандар даярлау міндеті тұрғанын жеткізді.

Жиын барысында Амангелді Есбай Президент Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызын атап өтті.

«Кешегі Президент Жолдауы менің бойымда ерекше сезім қалдырды. Онда айтылған бастамалар мен алға қойылған міндеттер еліміздің болашағына деген сенімді арттырады. Әсіресе, «Халықтық құрылыс» жобасы қоғамның бірлігі мен азаматтардың ел дамуына белсенді қатысуының маңызын айқындайды», – деді Амангелді Есбай.

Кездесу соңында Гуманитарлық факультеттің деканы Райгүл Желдібаева, Мамилия Жакупбаева және басқа да оқытушылар өз сұрақтарын қойып, Жолдауда көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

#SDG #ЦУР #ТДМ