2026 жылғы 29 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту жөнінде көтерген бастамалары аясында «Әл-Фараби дүниетанымы: философиялық идеялар мен тарихи контекст» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аралас форматта ұйымдастырылған ғылыми жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Ресейдің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары, профессор-оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Гуманитарлық факультетінің деканы, PhD Р.С. Желдібаева құттықтау сөз сөйледі.


Пленарлық отырыс барысында Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің профессор міндетін атқарушы, филология ғылымдарының докторы Перхан Құдайбергенқызы Алламбергенова, Түркиядан қатысқан Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының PhD докторы Mesut Sönmez, сондай-ақ Фатих Сұлтан Мехмет Вакыф университетінің Адам және қоғам ғылымдары факультеті Тарих бөлімінің профессоры, доктор Ahmet Taşağıl баяндамалар жасап, түркі халықтарының тарихи-рухани мұрасына қатысты құнды пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей кооперация университетінің Қазан кооперативтік институтының өкілі Ильдар Габдрахманович Гиззатуллин баяндамалары жолданған.


Отандық ғалымдар тарапынан тарих ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құрметті профессоры Амангелді Камалович Катенов, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Күлпан Нұрғазиевна Аликенова және тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Батырханұлы Шалғымбеков баяндама жасап, әл-Фараби мұрасы, адамгершілік құндылықтар және Қазақстан тарихының өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми тұжырымдарын ортаға салды.
Конференция қорытындысында секциялық отырыстардың нәтижелері сараланып, ғылыми ұсыныстар айтылды. Белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция әл-Фарабидің мол мұрасын жаңа ғылыми көзқарас тұрғысынан зерделеуге, тарихи-философиялық ой сабақтастығын дәріптеуге және отандық әрі шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

