АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – КӘСІБИ ДАМУ МҮМКІНДІГІ

Дене шынықтыру және өнер факультетінің 3-курс студенті Мейірхан Хафиза Түркиядағы Нийде Өмер Халисдемир университетінде «6В02101 – Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында білім алуда.

Академиялық ұтқырлық кезеңінде студент дизайн саласындағы кәсіби пәндерді меңгеріп, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, заманауи оқыту әдістерімен және дизайн мамандарын даярлаудың тәжірибелік тәсілдерімен танысуда.

Оқу барысында  студент баспа техникасымен (Baskı tekniği) жұмыс істеу, логотиптер әзірлеу және олардың көркемдік ерекшеліктерін зерттеу бағытында тәжірибе жинақтауда. Сонымен қатар, модельдерді бейнелеу арқылы сурет салу дағдыларын жетілдіріп, композицияны дұрыс құру және нысандардың өзіндік ерекшеліктерін шынайы жеткізу тәсілдерін меңгеруде.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттің кәсіби білімі мен шығармашылық қабілетін дамытуға, халықаралық тәжірибе жинақтауына және болашақ маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ