Республика күніне орай кураторлық сағат

Республика күніне орай физика-математика факультетінің «Математика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2-курс студенттерінің қатысуымен кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара аясында Қазақстан тарихы, мемлекеттіліктің қалыптасуы, ұлттық құндылықтар мен еліміздің жетістіктері туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Брейншторм» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

🎯 Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру, сондай-ақ сыни ойлау, зияткерлік қабілеттер мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

✨ Іс-шара студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, командалық рухты нығайтуға және еліміздің тарихына деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.