Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттерді айқындады. Әділетті Қазақстанды құру, елдің экономикалық әлеуетін арттыру, білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу және цифрлық трансформацияны жеделдету мәселелеріне басымдық берілді.

Президент өз сөзінде білім мен инновацияның маңызын атап өтіп, жасанды интеллект технологияларын экономикамен қатар білім беру мен ғылым жүйесіне де белсенді енгізуді, бұл құралдардың өңірлердегі білім сапасын теңестіруге септігін тигізуі керектігін айтты. Бұл жоғары оқу орындары үшін де маңызды. Білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, жасанды интеллект технологияларын қолдану және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау – елдің тұрақты дамуына әсер ететін нақты фактор.

Жиын соңында университет ректоры Ермек Бөрібаев Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттарға қатысты пікір білдіріп, алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының жауапкершілігі зор екенін атап өтті.

#SDG #ЦУР #ТДМ