Жетісу университетіне танымдық экскурсия

2026 жылғы 27 қазанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия өтті.

Экскурсияға №2, №4, №15 орта мектептердің, №29 мектеп-лицейінің және Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектептің оқушылары мен менторлары қатысты.

Қонақтар университеттің материалдық-техникалық базасымен және оқу-зертханалық аудиторияларымен танысты.

Университет мамандары білім беру бағдарламалары, мамандықтар және оқуға түсу үшін қажетті шекті балдар туралы ақпарат берді.

Экскурсияның мақсаты – оқушылардың мамандық таңдауға қызығушылығын арттырып, университет мүмкіндіктерімен таныстыру.

#SDG #ЦУР #ТДМ