«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілінің қатысуымен ғылыми тағылымдама бойынша семинар өтеді.
Семинарда шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, бағдарламаға қатысу шарттары, құжаттар тапсыру тәртібі және іріктеу кезеңдері туралы ақпарат беріледі. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тікелей жауап ала алады.
Спикер: Жанабылов Алмасбек Есенбекович, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
📅 Күні: 3 қараша
🕓 Уақыты: 16:00
📍 Өтетін орны: 313 конференц-зал
💻 Zoom арқылы қосылу:
https://zoom.us/j/93255433763?pwd=aNt5cgBbuMNxoMEBgTnm6mHDJzHDWp.1
Конференция ID: 932 5543 3763
Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

