Конкурсқа өтінім беру бойынша семинар

Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жас ғалым» жобасы және жас ғалымдарға арналған гранттық конкурстарға өтінімдерді дайындау және ұсыну тәртібін түсіндіруге бағытталған ғылыми семинар өтті. Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, жас ғалымдары және конкурстарға өтінім беруге ниетті тұлғалар қатысты.

Семинар барысында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Карашолакова конкурсқа ұсынылатын өтінімдерді сараптаудың ерекшеліктері мен негізгі талаптары туралы баяндады. Спикер өтінім мазмұнының конкурс талаптарына сәйкестігіне, зерттеу мақсаты мен міндеттерінің өзара байланысына, ғылыми жаңалығы мен күтілетін нәтижелерінің негізділігіне назар аударды. Сондай-ақ өтінімдерді сараптау кезінде ескерілетін негізгі өлшемдер мен конкурсқа қатысу барысында жиі кездесетін кемшіліктер түсіндірілді.

Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің басшысы А. Алтай қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін таныстырды. Баяндама барысында өтінім беруші мен университет тарапынан ұсынылатын құжаттар, оларды дайындау және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді. Қаржыландыру көлемін есептеу тәсілі, жоба шығындарын жоспарлау және шығыстарды конкурс талаптарына сәйкес ұсыну мәселелері қарастырылды.

Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің аға менеджері Қ. Ахмет өтінімдерді Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібін таныстырды. Ақпараттық платформада орын алған жаңашылдықтар мен жұмыс жасау кезеңдерін түсіндірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ