«Алғашқы қиындықтар – кәсіби өсудің бастауы» тақырыбында әдістемелік семинар

2026 жылғы 30 қазанда Талдықорған қаласындағы №26 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дильназ Айдынқызы мен Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскерлері арасында «Алғашқы қиындықтар – кәсіби өсудің бастауы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

📖 Семинар барысында жас мұғалімнің кәсіби қалыптасу жолында білуі қажет маңызды ақпараттар ұсынылып, педагогикалық қызметте кездесетін алғашқы қиындықтар мен оларды еңсеру жолдары талқыланды. Сонымен қатар білімгерлерге әдістемелік қоржынның маңыздылығы, оны тиімді қалыптастыру жолдары және жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру үдерісінде қолдану аясы түсіндірілді.

💡 Кездесу барысында білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, көкейлеріндегі сауалдарына жан-жақты жауап алды. Семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби ой бөлісуге және болашақ педагогтердің әдістемелік әлеуетін арттыруға бағытталды.