Құттықтаймыз!

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ҚР РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

2026 жылғы 18 қазанда Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында «Xi’an Marathon 2026» халықаралық марафоны өтті.

Аталған халықаралық додада Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Жаңабек Есенбол жартылай марафонда (21 км) жоғары нәтиже көрсетіп, 1 сағат 3 минут 22 секундта мәреге жетіп, ІІ орын иеленді.

Сонымен қатар, Есенбол аталған қашықтықта Қазақстан Республикасының рекордын жаңартып, отандық жеңіл атлетика тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді.

Есенболды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыс тілейміз!

#ЦУР #SDG #ТДМ