


І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, жаратылыстану-техникалық факультеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім беру сапасын арттыру мақсатында сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік профессорлардың дәрісін ұйымдастыруда. 2026 жылғы 8 — 23 қазан аралығында Словакия Республикасындағы Жилина университетінің Тау биологиясы институтының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Marian Janiga «Биология – Тау және альпілік экология» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына Су, ауа және климаттың өзгеруі пәні бойынша онлайн форматта сабақ өткізді.
Оқу бағдарламасы жалпы 45 академиялық сағатты қамтыды, оның 15 сағаты дәріс, 30 сағаты практикалық сабақ болды. Сабақ барысында су және ауа ресурстарының экологиялық жағдайы, климаттың жаһандық өзгеруі, оның табиғи экожүйелерге әсері, тау және альпілік аймақтардағы экологиялық үдерістер мен биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелері қарастырылды.
Шетелдік профессордың дәрісі магистранттардың халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуына, экологиялық мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдауына және зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытуына мүмкіндік берді.
#ЦУР #SDG #ТДМ

