І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ТҚҚ-311 (ІР) тобы студенттері арасында куратор Д.Ғ.Қаратаеваның ұйымдастыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық бірлікті нығайту, экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, білім мен ғылымды қолдау, энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне назар аударылды.

Іс-шара барысында Жеңісбаев Ерболат, Азимхан Нұрлан, Болат Алфия, Қайруллаев Мансур және Қалиберген Мақпал белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында ой алмасты.
Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – жастардың саяси сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және ел дамуына үлес қосуға ынталандыру.
«Ел болашағы – білімді, саналы және жауапты жастардың қолында!»



