2026 жылдың 29 қазанында ҚТӘ-411, 412 топтарының студенттері арасында білім мен тапқырлықты, логикалық ойлау мен зеректікті ұштастырған «MI BATTLE» интеллектуалды жарысы өтті. ҚТӘм-211 тобының магистранттары ұйымдастырған сайыс бес кезеңнен тұрды. Жарысқа төрт команда қатысып, өз білімдері мен шапшаңдықтарын сынға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – «Филантроп» тобы;
І орын – «Brain’Star» тобы;
ІІ орын – «Интроверттер» тобы;
ІІІ орын – «IQ» тобы.
Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасынан ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шыныбекова А.С. және ф.ғ.к., Қожағұлов С.Қ. қатысып, студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған сайыстың маңыздылығын атап өтті. Осындай интеллектуалды жарыстар жастардың таным көкжиегін кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытып, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген құштарлықтары үшін алғыс білдіреміз!

