2026 жылғы 31 наурызда AP25795177 «Инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде педагогтерге арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, LEGO Education конструкторларын оқу процесінде тиімді пайдалану жолдарын меңгерту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімделген тапсырмаларды қолдану әдістемесімен таныстыру.
Семинар барысында қатысушыларға робототехниканы оқытудың теориялық және практикалық негіздері түсіндіріліп, LEGO Education құралдарымен жұмыс істеу, қарапайым роботтарды құрастыру және бағдарламалау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып практикалық тапсырмаларды бейімдеу жолдары көрсетілді.
Практикалық бөлімде педагогтер робототехникалық тапсырмаларды орындап, оларды инклюзивті білім беру жағдайында қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.
Семинар қорытындысы бойынша педагогтердің робототехниканы оқыту технологиясы туралы білімдерін жетілдіруге, практикалық дағдыларын дамытуға және инклюзивті білім беру ортасында робототехниканы қолдануға әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған ұсынымдар берілді.
Аталған іс-шара ғылыми жобаның пилоттық енгізу кезеңіндегі маңызды жұмыстардың бірі болып табылады







