2026 жылғы 24–29 қазан аралығында Ирак Республикасының Сулеймания қаласында садақ атудан «Asia Cup 2026 – Leg II» Азия кубогінің кезеңі өтті.
Аталған халықаралық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Александра Землянова классикалық садақ атудан жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, үш бірдей жүлделі орынға ие болды.
Жарыс нәтижелері бойынша:
🥈 ІІ орын – әйелдер арасындағы командалық сайыс;
🥉 ІІІ орын – аралас командалық сайыс (Mixed Team);
🥉 ІІІ орын – әйелдер арасындағы жекелей сайыс.
Александра Землянова халықаралық жарыста бір күміс және екі қола медаль жеңіп алып, еліміздің спорттық абыройын асқақтатты.
Бұл жетістік – студентіміздің қажырлы еңбегінің, табандылығы мен жоғары кәсіби дайындығының, сондай-ақ жеңіске деген ұмтылысының жарқын көрінісі.
Александра Землянованы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!




