05.10.2026 күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультетінің оқытушы-дәріскері Г.А.Мурсакимова 3 курс «Ақпараттық жүйелер» (АЖҚ-311 тобы) білімгерлерімен кураторлық сағат өткізді.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары сөз болып, төмендегі маңызды мәселелер қарастырылды:
- Халықтың әл-ауқаты және ең төменгі жалақы көрсеткіштері;
- «Халықтық құрылыс» және ауқымды инфрақұрылымдық жобалар;
- Цифрлық экономика және жасанды интеллектті енгізу бағыттары;
- Елдегі энергетикалық тұрақтылық пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.
Кураторлық сағат барысында білімгерлер белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, қойылған сұрақтарға тұжырымды жауаптар беріп, ел дамуының стратегиялық бастамалары төңірегінде өзара қызу пікір алмасты.



