









«QS Summit 2026» халықаралық саммитіне қатысу аясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Сурабая мемлекеттік университетімен (Universitas Negeri Surabaya – UNESA) ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды.
Сурабая мемлекеттік университеті (UNESA) – Индонезияның Шығыс Ява провинциясындағы Сурабая қаласында орналасқан беделді мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. 1964 жылы негізі қаланған университет педагогикалық институттан білім беру бағдарламаларының кең спектрі бойынша мамандар даярлайтын көпсалалы жоғары оқу орнына дейінгі даму жолынан өтті.
Бүгінде UNESA ғылыми-зерттеу қызметін, халықаралық академиялық байланыстарды, инновациялық білім беру технологияларын және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді дамытып, Оңтүстік-Шығыс Азияның білім беру кеңістігіндегі өз орнын нығайтып келеді.
Меморандумға қол қою екі университет арасындағы институционалдық әріптестікті нығайтудың маңызды кезеңі болды.
Аталған келісім білім беру, ғылым және жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз қалайды. Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықаралық білім беру бастамаларын дамытуға және профессор-оқытушылар құрамының ғылыми байланыстарын нығайтуға ерекше назар аудармақ.
#ЦУР #ТДМ #SDG

