


І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары мен ғылыми жетекшілері Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің арнайы шақыртуымен Ташкент қаласында өткен халықаралық академиялық сапарға қатысты.
Сапар аясында университет өкілдері ғылыми семинарлар мен республикалық конференцияға қатысып, ғылыми тәжірибе алмасты және бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылады.
Академиялық сапарға Физика-математика факультетінің постдокторанттары Ахметов Жалгас пен Абдуалиева Рима, олардың ғылыми кеңесшілері – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сеитова Сабыркуль және қауымдастырылған профессор Алдабергенова Айгуль, сондай-ақ Педагогика және психология факультетінің постдокторанты Мухашева Меруерт пен ғылыми кеңесшісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Наубаева Хапиза қатысты.
Кездесу барысында математика мұғалімдерін даярлаудың инновациялық әдістемелері, стохастикалық ойлау, Wolfram Alpha технологиясын білім беру жүйесіне енгізу және инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту мәселелері қарастырылды.
Сапардың басты мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайту, халықаралық тәжірибие алмасу және бірлескен ғылыми жобаларды дамыту.
#SDG #ЦУР #ТДМ



