


Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың технологиялық әзірлік деңгейін анықтау әдістемесіне арналған ғылыми семинар өтті. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, жас ғалымдар және ғылыми жобалар мен конкурстық өтінімдерді әзірлеуге қатысатын мамандар қатысты.
Семинарда Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Карашолакова TRL 1–9 технологиялық әзірлік деңгейлерін анықтау әдістемесін түсіндірді. Жобалардың бастапқы және жоспарланған деңгейін белгілеу, нәтижелерді құжатпен растау, дәлелдемелік база қалыптастыру және жиі кездесетін қателер талқыланды.
Баяндама барысында жаратылыстану, техникалық және ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша жобаларды бағалау, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, білім беру және өнер салаларындағы жобалардың технологиялық әзірлік деңгейін анықтау ерекшеліктері қарастырылды.
Қатысушыларға ғылыми жарияланымдар, патенттер, авторлық құқық объектілері, сынақ хаттамалары, апробация және енгізу актілері, тәжірибелік үлгілер мен техникалық құжаттаманың дәлелдемелік базаны қалыптастырудағы маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар технологиялық әзірлік деңгейін анықтау кезінде жиі кездесетін қателер талқыланды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

