

2026 жылғы 4–9 қараша аралығында Бразилия Федеративтік Республикасының Сан-Паулу қаласында боччадан «São Paulo 2026 World Boccia Cup» халықаралық турнирі өтті.
Аталған халықаралық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті, боччадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асқарбеков Қуаныш І орын иеленіп, Әлем кубогінің жеңімпазы атанды.
Жарыс барысында Қуаныш қарсыластарынан басым түсіп, топтық кезеңде Бельгия және Португалия спортшыларын, ширек финалда және жартылай финалда Бразилия өкілдерін жеңді. Ал шешуші финалдық кездесуде Испания спортшысын 4:2 есебімен ұтып, алтын медальді қанжығасына байлады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

