








2026 жылғы 24 қыркүйекте І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Отырыста жаңа оқу жылына арналған Кеңестің жаңа құрамы бекітіліп, 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Күн тәртібінде университет жатақханаларына білім алушыларды орналастыру, жатақханалардағы тәрбие жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Жаңа оқу жылында білім алушыларға бекітілген жоспарға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні атап өтілді.
Сонымен қатар жатақханаларда тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

