

























І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен кафедрада оқытылатын тілдер мен олардың мәдениеттеріне арналған Language Fair тілдер жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты — бірінші курс студенттерін кафедраның тілдік бағыттарымен таныстыру, мәдени әралуандылық туралы түсініктерін кеңейту және шетел тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тілдік алаңдарда әр елдің мәдениетін танытатын ұлттық тағамдар, тақырыптық фотозоналар, викториналар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылды.
Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында – Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев және Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев болды. Қонақтар тілдік алаңдарды аралап, студенттермен және оқытушылармен пікірлесті.
Language Fair жәрмеңкесінің ерекше сәттерінің бірі – студенттер өздері аударған әнді ағылшын, неміс, түрік, қытай және корей тілдерінде орындап, тілдік және мәдени әралуандылықты музыка арқылы жеткізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

