«Тарих – ұлттың ұлы қазынасы» апталығының салтанатты ашылуы

16-20 аралығында Гуманитарлық факультет пен Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарих – ұлттың ұлы қазынасы» апталығының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Апталықтың ашылуында халқымыздың сан ғасырлық даму жолын бейнелейтін 5 тарихи кезең сахналық көріністер арқылы көрермен назарына ұсынылды. Әр кезең ұлт тарихының маңызды белестерін, ата-бабаларымыздың ерлігі мен рухани мұрасын дәріптеп, тарихи сабақтастықтың мәнін айқындады.
Іс-шара барысында студенттер тарихи тұлғалардың образын сомдап, қазақ халқының қалыптасу жолы, тәуелсіздікке жету тарихы мен ұлттық құндылықтардың маңызын әсерлі түрде көрсетті.
✨ Тарихын таныған ұрпақтың болашағы нық. Апталық аясында ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!