«EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ»

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны ұйымдастырылды.
Хакатонның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың идеяларды қолдау және заманауи экологиялық технологияларды дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар командаларға бөлініп, қалдықтарды қайта өңдеу, су ресурстарын үнемдеу, көгалдандыру және жасыл технологияларды енгізу бағыттары бойынша өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, креативті шешімдерін ортаға салды.
Физика-математика факультетінің студенттері Нураханова Айман мен Надырхан Адиля хакатонға белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді! 🏆
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, тың идеяларыңызбен талай белестерді бағындыра беріңіздер!