«Қожа Ахмет Яссауи – парасат пен өнегенің өшпес ізі» атты дөңгелек үстел

2026 жылғы 12 қарашада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Қожа Ахмет Яссауи – парасат пен өнегенің өшпес ізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараның мақсаты – түркі әлемінің ұлы ойшылы әрі рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен бай мұрасын кеңінен насихаттау, оның адамгершілік, парасаттылық, имандылық және ізгілік туралы өсиеттерінің тәрбиелік маңызын талқылау.

Дөңгелек үстел барысында Қожа Ахмет Яссауидің философиялық көзқарастары, «Диуани хикмет» еңбегінің рухани құндылығы, ойшыл мұрасының қазақ халқының мәдениеті мен дүниетанымындағы орны туралы баяндамалар ұсынылады. Қатысушылар Яссауи тағылымының қазіргі қоғам мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі өзектілігі жөнінде оқытушылар, жас зерттеушілер, магистранттар мен білімгерлер пікір алмасты