2026 жылғы 6 қараша күні Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Н.Б. Қасымова Тарих және қоғамтану білім беру бағдарламасының ТҚҚ-211 тобы студенттерімен кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жарияланған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналды.
Кураторлық сабақ барысында Жолдауда айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, білім беру жүйесіндегі реформалар, жастар саясатының өзекті мәселелері және қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолдары кеңінен талқыланды. Студенттер Жолдаудың негізгі мазмұнымен танысып, көтерілген мәселелер төңірегінде өз ой-пікірлерін білдіріп, белсенді түрде қатысу көрсетті.
Кураторлық сағаттың басты мақсаты студенттердің ел болашағына деген жауапкершілік сезімін арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөнінде жан-жақты түсінік беру болды.



