











Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Ұстаздыққа жол» жобасын қолға алды. Алғашқы шара Талдықорған қаласындағы «125 High School» мектебінде өтті.
Жобаның мақсаты – мектеп оқушыларының педагогикалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау.
Кездесу барысында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Ғ. Қыдырбаева оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, педагогикалық мамандықтар, грант иегері атану мүмкіндіктері мен жоғары оқу орнына түсу талаптары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ талапкерлерге қажетті кеңестерін ұсынды.
Жоба аясында кәсіби бағдар беру кездесуі, тренингтер, шеберлік сағаты, практикалық сабақтар, университет зертханаларына экскурсиялар және ҰБТ-ға дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.

