«Жас маман: мансапқа алғашқы қадам» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

24 қарашада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас оқу ғимаратында «Жас маман: мансапқа алғашқы қадам» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге университеттің бітіруші студенттері мен жұмыссыз түлектері шақырылды.

Жәрмеңкеге Жетісу облысының 20 ұйымы мен мекемесі қатысты.

Жәрмеңке барысында «Құқықтану» және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының бітірушілері Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерімен кездесіп, жұмысқа орналасу талаптары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Студенттер жәрмеңкеге алдын ала әзірлеген түйіндемелерін алып келіп, әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасты.

Бұл кездесу оларға жұмысқа орналасу үдерісімен танысып қана қоймай, өндірістік практикадан өтуге қолайлы мекемені таңдауға да мүмкіндік берді. Ал практика барысында өздерін жақсы қырынан көрсеткен студенттердің болашақта сол ұйымдарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болмақ.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

8 (7282) 22-25-42; 8 (702) 007-90-55.

#ЖетісуУниверситет і#ЖасМаман #БосЖұмысОрындарыЖәрмеңкесі #SDG #ЦУР #ТДМ