Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

     «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ  Басқарма Төрағасы — Ректорының 17.11.2026 жылғы  №292П бұйрығына сәйкес, университет қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

    Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы  25 қарашадан  24  желтоқсанға дейін.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

     1 — университет қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

     2 — ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

         —  персоналды басқару,  оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне     бейім лауазымдарды айқындау;

         —  мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу;

         —  мемлекеттік қызметтер көрсету;

         —  бюджеттік қаржы қаражатын игеру және бөлу;

         —  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

         —  жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

         —  цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

         —  талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

#SDG #ЦУР #ТДМ