Жетісу университетінің студенттері халықаралық және республикалық байқауда жеңімпаз атанды!

2026 жылғы 21 қарашада Астана қаласында «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауы мен «Жыл студенті – 2026» республикалық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқауларда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломдармен марапатталды:

Пашаева Валерия Сергеевна – 4-курс студенті, «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауының жеңімпазы.

Мелисова Амина Аслановна – 3-курс студенті, «Жыл студенті – 2026» республикалық байқауының жеңімпазы.

Студенттердің ғылыми жетекшісі – Абайдельданова Меруерт Кебековна, PhD, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Студенттерімізді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

#ТДМ #SDG #ЦУР