Құрметті білім алушылар,білімгерлерге қызмет көрсету орталығы Сізге 24.11.2026 ж. жағдай бойынша босаған гранттар туралы ақпаратты ұсынады
Келесі білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі:
БАКАЛАВРИАТ
| № | Білім беру бағдарламаларының тобы | Білім беру бағдарламасы | Оқыту түрі | Босаған гранттар саны |
| 2 курс | ||||
| 1 | B005 — Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | 6B01409-Дене шынықтыру және спорт (IP) | Күндізгі | 1 |
| 2 | B006 — Музыка мұғалімдерін даярлау | 6B01410-Музыкалық білім (IP) | Күндізгі | 1 |
| 3 | B016 — Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 6B01707-Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) | Күндізгі | 1 |
| 4 | В018 — Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 6B01709-Шетел тілдері (IP) | Күндізгі | 1 |
| 3 курс | ||||
| 1 | В077 Өсімдік шаруашылығы | 6B08101-Агрономия | Күндізгі | 1 |
| 6B08102-Агрономия — Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары | ||||
| 4 курс (шығарылым) | ||||
| 1 | B016 — Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті | Күндізгі | 1 |
| 2 | B017 — Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті | Күндізгі | 1 |
| 6B01704-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті | ||||
Босаған гранттар бойынша конкурс қысқы сессиядан кейін демалыс кезеңінде өткізіледі.
Өтініштер білімгердің жеке кабинетінде электронды түрде, келесі бөлімінде беріледі «Цифрлық қызметтер» —> «Өтініштер» —> «Босаған гранттар конкурсына қатысу үшін өтініш».
Босаған гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.
Білу маңызды:
Бос білім беру грантының иегері болған жағдайда, ҚР ҒЖБМ бос білім беру гранты тағайындалған сәтінен бастап оқытуды қаржыландыруды тек оқудың қалған мерзіміне ғана жүргізетін болады.
Мысал: үміткер 3 курста оқиды, 6 семестрде конкурсқа қатысуға өтініш береді. Конкурс қорытындысы бойынша 15.03.2027 ж. бос білім беру грантының иегері болады. Оқу үшін қаржыландыру 15.03.2027 ж. басталады және оқу аяқталған сәтке дейін жалғасады (яғни 6 семестрдің 15.03.2027 ж. бастап және 7-8 семестрді қоса алғанда). Егер 6 семестрге оқу ақысы төленген жағдайда, қаражатты қайтару 01.01.2027 ж. — 15.03.2027 ж. аралығындағы кезең үшін шегерімді ескере отырып жүргізілетін болады.
Бұл ретте бос білім беру грантының әрбір иегеріне ЖЖОКБҰ бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша нақты оқу уақытына сәйкес міндетті түрде пысықтау бекітіледі.
#SDG #ЦУР #ТДМ

