Үстел теннисінен Ұлттық студенттік лигаға іріктеу өтті

2026 жылдың 26 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында үстел теннисінен Ұлттық студенттік лига жарыстарына іріктеу турнирі өтті.

Жарыстың мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі спортын дамыту, студенттердің спорттық шеберлігін шыңдау, факультеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және үздік спортшыларды университеттің құрама командасына іріктеу.

Іріктеу жарысына университеттің 6 командасы қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберлігін, жеңіске деген жігері мен командалық бірлігін көрсетті.

Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша жүлделі І орынды – Гуманитарлық факультет, ІІ орынды – Zhansugurov college, ІІ орынды – Педагогика және психология факультеті иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы Ұлттық студенттік лига жарыстарында университет намысын абыроймен қорғап, биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!

#SDG #ЦУР #ТДМ