«MISTER ZHU – 2026» байқауы өтті

Жетісу университетінде жігіттердің жігері мен өнерін, білімін және шығармашылық қабілетін сынға салған «Mister ZHU – 2026» байқауы өтті.

Дәстүрлі байқауға университеттің түрлі факультеттерінен 9 жігіт қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс «Таныстыру», «Өнер», «Ұлттық нақыштағы сән үлгісі» және «Сұрақ-жауап» сынды бірнеше кезеңнен тұрды.

Байқау қорытындысы бойынша Жаратылыстану-техникалық факультетінің 3-курс студенті Жылысбаев Дамир I орынды иеленіп, «Mister ZHU – 2026» атанды. Ал Гуманитарлық факультеттің 3-курс студенті Мерқасым Дарын II орынға ие болса, осы факультеттің 1-курс студенті Қахарбек Әди III орынның тұғырынан көрінді. Сондай-ақ Физика-математикалық факультетінің 2-курс студенті Айқынұлы Азамат «Mr. Popularity», Құқық және экономика факультетінің 1-курс студенті Әмірхан Азамат «Mr. Intelligence», ал осы факультеттің 3-курс студенті Ерәділ Жәнібек «Mr. Creative» арнайы номинацияларымен марапатталды.

Байқау барысында университеттің өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары да өнер көрсетіп, кештің көркін қыздырды.

Байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Еркек» брендтік киім дүкені, «Аристократ» бильярд клубы, «В Бургер» фаст-фуды, «Doner на Абая», «Заруль Авто» автомектебі, «ZEUS» Resto & Grill, «Coffeе Tree» кофеханасы, «Лаваш», Капиев Продакшн, «UpChinese» қытай тілі мектебі, «Ланджоу» мейрамханасы, «Легион» фитнес клубы, «Триумф» боулинг орталығы, «Chery Parfum», «Бриллиант» шығармашылық мектебі, «Қатты тәтті», «Папины чебуреки», «Санторини Мега Спа» және «Магнат» мейрамханасы қолдау көрсетті.

«Mister ZHU – 2026» – жігіттердің бойындағы білім мен өнерді, батылдық пен қайсарлықты, ұлттық құндылықтар мен серілік болмысты дәріптеген жарқын мереке болды!

#SDG #ЦУР #ТДМ