«ZHANSUGUROV COLLEGE» командасын құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен өткен Ұлттық студенттер лигасы аясында үстел теннисінен өткен жарыста «ZHANSUGUROV COLLEGE» құрама командасы жүлделі ІІ орынға ие болды!

Студенттерімізді тамаша жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, табандылықтың, жоғары шеберліктің, командалық бірліктің және спортқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.

Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіздер! Жеңісті жолдарыңыз жалғасын тапсын!