Бурибаев Ермек Абильтаевич
Ғылыми дәрежесі: Заң ғылымдарының докторы
Ғылыми, академиялық атағы: Профессор
Қызметі: Басқарма Төрағасы – Ректор
БІЛІМІ
Қазақ мемлекеттік университеті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратурасын бітірді (1992-1998).
2012 жылы 25 мамырда ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
2022 жылы 23 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Еңбек қызметі
Жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі 26 жыл.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті. (1998-2005);
Еуразия Гуманитарлық институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, доценті, профессорының м. а. (2005-2012);
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ профессоры. (2012-2018);
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі. (2018-2021);
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ Басқарма мүшесі-зерттеу қызметі жөніндегі Проректор. (2021-2024);
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы –ректор.
Ғылыми қызметі
320-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрді. 14 монографияның авторы, 6 монография шетелдік баспаларда жарық көрді, оның ішінде 3 монография — ағылшын тілінде, 6 монография Ресейдің ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) негізінде индекстелген.
Бір оқулық пен үш оқу құралының авторы.
Scopus ғылыми-метрикалық базаларында индекстелген шетелдік ғылыми журналдарда 57 мақала және Web of Science журналында 15 мақала жарияланды. Scopus базасы бойынша Хирш индексі-17, WOS базасы бойынша Хирш индексі — 5.
Екі мәрте (2018 және 2019 жылдары) ELSEVIER-Scopus халықаралық компаниялары және ҚР БҒМ «Best Researcherin Social Sciences» номинациясы бойынша әлеуметтік ғылымдар саласындағы үздік зерттеуші болып танылды.
Төрт жыл қатарынан (2020, 2021, 2022, 2023ж) Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша ҚР ЖОО ТОП-50 ғалым-оқытушыларының қатарына кірді.
2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты атанды.
ҚР Әділет минстрлігінен авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 17 куәлік алды.
Алты ғылыми гранттық жобаның ғылыми жетекшісі.
Азаматтық істерде құқықтық көмек көрсету саласындағы халықаралық стандарттарды белгілейтін халықаралық шарттарды, келісімдерді ратификациялау туралы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми-құқықтық бағалау бойынша бірқатар сараптамалық қорытындылардың авторы. Әділет министрлігінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Бас прокуратураның және Республикалық нотариаттық палатаның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының құрамына қатысты.
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының мүшесі.
Жетістіктері
- 2016 жылы Қазақстан мен Орта Азиядан халықаралық Нотариат Одағының (UINL, Буэнос-Айрес штаб-пәтері, Аргентина) жеке мүшесі болды.
- 2018 жылы «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» ҚР БҒМ медалімен марапатталған.
- 2018 жылы ҚазҰПУ медалімен марапатталған.Абай » университетіне 90 жыл.Абай»
- 2018 жылы ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы мен гранты берілді
- 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
- 2023 ж. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің «Сот жүйесіне 30 жыл» медалімен марапатталған.
- 2023 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Абай атындағы университетке 95 жыл» медалімен марапатталған.
- 2024 жылы «Айрықша еңбегі үшін» Абай атындағы ҚазҰПУ медалімен марапатталған.
- 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты атанды.
- 2020 ж., 2021 ж., 2022 ж., 2023 ж. Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша ҚР ЖОО ТОП-50 ғалым-оқытушыларына кірді.
- Ұлттық заң академиясының академигі.